Новости

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер зейнетақы бойынша келісімге келе алмай отыр

Соңғы 4 жылдан бері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер зейнетақыға қатысты құжат жобасын іске қоса алмай келеді.

1303

Соңғы 4 жылдан бері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер зейнетақыға қатысты құжат жобасын іске қоса алмай келеді. Бұл құжат зейнеткерлікті қамту саласында тең құқықты қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары ЕАЭО-ның кез келген елінде еңбек өтілі мен зейнетақаны жоғалтпастан жұмыс істей алады.

Мысалы: Қазақстан азаматы Ресейде жұмыс істесе, кейін зейнетке шыққанда Ресейде еңбек еткен уақыты жұмыс өтілі ретінде есептеледі. Әрі сол жұмыс істеп жүрген елінен зейнетақы ала-алады.

Дәл қазіргі жағдайда бұл мүмкін емес. Өйткені әр елдің зейнетақыға қатысты заңы мен ережелері әртүрлі.

Мысалы: зейнетке шығу жасы мен зейнетақы төлемінің сомасын есептеу принцптері әртүрлі.

Енді жоғарыдағы жоба аясында осының бәрі бірізді болмақ. Алайда одаққа мүше елдер бұл маңызды құжат дегенімен 4 жылдан бері талқыдан аспай жүр. Былтырғы талқылау кезінде 60-қа жуық кедергі бары айтылған. Соңғы талқылау өткен айда Қырғызстан астанасы Бішкекте өтті. Жиынға қатысқандар «құжатқа соңғы өзгерістерді енгіздік, қабылдауға дайынбыз» десті. Алайда тағы да заңды күшіне енетін уақыты белгісіз қалды. Сарапшылар 2018 жылы қабылдануы тиіс деп отыр. Нақты уақыты айталмағанға қарағанда әлі де келісе алмаған тұстары бар сияқты.

Егер құжат қабылданса одаққа мүше елдерде зейнетақы теңдік принцпімен тағайындалады.

Мысалы: Қазақстан азаматы өз елімізде 15 жыл, Ресейде немесе одаққа мүше Беларусь, Қырғызстан және Арменияда 15 жыл жұмыс істесе, Қазақстан 15 жыл, одаққа мүше қалған елдердің әрқайсысы жұмыс істеген жылына сәйкес 15 жыл зейнетақы төлейді.

Қазіргі кезде одаққа мүше бес мемлекет арасында миллиондаған мигранттар еңбек етеді. Әсіресе Қырғызстан мен Ресей, Қырғызстан мен Қазақстан, Қазақстан мен Ресей арасында жұмыс бабымен ауысқандар саны көп. Олардың көпшілігі шетте қалған зейнетақысына алаңдайды.

Қазақстандық Анар Тәуетаева жолдасымен бірге 5 жылдан астам Ресейде «Айскор», «Мега айс» компанияларының директоры болып қызмет істеп келген. Ол егер аталған құжат қабылданбаса зейнетке шыққанда 5 жылымды жоғалтамын ба деп уайымдайды.

«Бұл құжат қабылданса біз сияқты біраз жыл жақын шетелдерде еңбек етіп келген мамандар үшін жақсы жаңалық болатын еді» дейді ол.

Өйткені Ресейде еңбек еткен жылдары зейнетақы аударымдары сол елде қалған. Оны Қазақстанға аударып ала-алмайды. Ал зейнетке шыққан кезде ол 5 жылы есепке алынбаса, қазақстандағы зейнетақысы төмен көрсеткішпен есептеледі. Бұл Ресей мен ТМД елдерінде еңбек етіп жүргендердің көпшілігін алаңдатады. Өйткені бұл елдердегі жалақы көлемі айтарлықтай жоғары емес. «5 жылғы зейнетақы жарнам қала берсін, орнын жалақымен жауып табыс таптым ғой», деуге мүмкіндік жоқ. Ал Еуропа елдері мен АҚШ, Канада сияқты мемлекеттерде істеп келгендерде оның орнын жоғары жалақы есебінен жинаған қаражатпен толтыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан Одаққа мүше елдердің азаматтары үшін бұл құжатың маңызы жоғары.

«Ресейде Еуропамен салыстырғанда төмен болғанымен, ЕАЭО мүше елдер арасында салыстырмалы түрде жоғары. Күйеуім екеумізде Ресейдегі зейнетақы шотымызда қомақты қаржы жатыр. Егер ол қаражатты кейін зейнетке шыққанда Ресей тарапынан алсақ немесе қазақстандағы зейнетақы шотымызға аударып берсе, дұрыс болар еді», дейді Анар Тәуетаева.

Бұл құжатқа әсіресе қырғызстандықтар көбірек алаңдайтыны сөзсіз. Өйткені бұл елдің бір миллионға жуық азаматы Ресей, аз бөлігі Қазақстанда еңбек етіп жүр. Олар соңғы он жылда өз елдеріне 16,5 миллиард доллар аударған. Мұның 95% Ресейде еңбек еткендердің үлесінде. Бұлардың заңды жұмыс істегендерінің зейнетақы жарналары Ресейлік есеп-шоттарда жатыр.

Одақа мүше елдердегі зейнеткерлер саны мен зейнетақы көлемі

Мемлекет

Зейнеткерлер саны

Зейнетақының орташа көлемі

1

Ресей

40 миллионнан астам

253$

2

Қазақстан

2 миллионға жуық

206$

3

Беларусь

2,5 миллион

160$

4

Армания

500 мың

85$

5

Қырғызстан

640 мың

80$

ТМД елдеріндегі зейнетақы көлемі туралы ақпаратпен де таныс болыңыз.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.