Международный опыт

ТМД елдерінде зейнетақы көлемі қандай?

ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Өзбекстан, Беларусь доллармен есептегендегі зейнетақының орташа көлемі жағынан басқалардан алда тұр.

1463

ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Өзбекстан, Беларусь доллармен есептегендегі зейнетақының орташа көлемі жағынан басқалардан алда тұр. Өкінішке қарай Қазақстанық көрсеткіш бұлардан төменірек.

Ал достастыққа мүше елдердің төртеуінде зейнетақы көлемі 100 АҚШ долларына да жетпейді. Әсіресе ай сайын мемлекеттен 34 USD алатын тәжікстандық зейнеткерлердің жағдайы мүшкіл. Бұл елде ТМД елдеріндегі зейнетақының ең төменгі мөлшері болса, ең жоғарғысы 204,9 USD мөлшермен Ресейде.

Молодвада айлық зейнетақы 63,8 USD, Укаринада 66,4 USD, Арменияда — 83,5 USD, Әзірбайжанда — 108,5 USD, в Қырғызстанда — 110 USD, Беларусьте — 151,6 USD, Өзбекстанда— 152,9 USD. Ал біздің елде орташа алғанда — 137,2 USD. Бел ортадан сәл жоғары тұрмыз.

Ал халық санына шаққанда зейнеткері ең азы да Тәжікстан. Мұнда 1000 адамның 74-і зейнеткер. Бұл жағынан ең көбі тағы да Ресей — 1000 тұрғынның 294-і зейнетақы алады. 

Беларусьте 1000/276, Украинада 1000/268, Молдовада 1000/196, Арманияда 1000/157, Әхірбайжанда 1000/135, Қырғызстанда 1000/123, Өзбекстанда 1000 адамға 104 зейнеткерден келеді. Ал Қазақстанда 1000 адамның 155-і зейнеткер.

Өкінішке қарай басым бөлігін бұрынғы КСРО елдері құрайтын ТМД-лық мемлекеттердегі ең жоғарғы зейнетақы көрсеткішінің өзі әлемдік ең жоғарғы көрсеткіштен 13 есеге аз.

Мемлекет

Зейнетке шығу жасы

Зейнетақы көлемі

1

Дания

65

$2800

2

Финляндия

65

$1900

3

Норвегия

67

9500 крон (250 000 тг)

4

Чехия

58/61

$1000

5

Германия

65

€810

6

Франция

60

€500 (106400 тг.)

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.