Новости

БЖЗҚ Президент сынынан қорытынды шығаруға тырысуда

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры I жартыжылдықта 325 мың жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған салымшымен байланыс орнатуды көздейді.

948

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында БЖЗҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева айтты.

«2018 жылдың ақпан-сәуір айында 117 мың 396 салымшымен байланыс орнаттық», -деді ол.

Оның айтуынша БЖЗҚ ашық, алайда ұзақ уақыт салым түспеген зейнетақы шоттарын анықтап, иелерімен байланысқа шыққан.

«Телефон арқылы байланыс нәтижесінде мұндай салымшылардың 19% немесе 22 396 адам қорға қосымша кеңес сұрап хабарласты. 25 мыңнан астам салымшының шотына 150 млн теңгеге жуық салым түсті. Бұл байланыс орнаған салымшылардың 21%. Біз бұдан да аз белсенділік күткен едік», -деді С.Егеубаева.

Арнайы жүргізілген сауалнамада мұндай салымшылардың жартысы өздерін жұмыссыз деп таныстырған. Қалғаны өзін-өзі қамтушы, жеке кәсіпкерлер, ресми жұмысқа орналаспағандар болып шыққан.

БЖЗҚ тарапынан байланыс орнағаннан кейін салым жасағандардың 41% 18-25 жаста, 34% — 24-40 жаста, 25% астамы — 40 жастан жоғарылар.

Айта кетейік, ақпан айындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Н.Назарбаев Еңбек және әлеуметтік қамту министрлігін сынға алған еді.

"Олар (өзін-өзі қамтушылар —ред.) салық төлемейді, зейнетақы жүйесіне қатыспайды, қысқасын айтқанда көлеңкеде. Мен бес жылдан бері бұл туралы айтып келемін, нақты тапсырма берілді. Алайда онымен ешкім нақты айналыспайды, ешкім жұмыс істеген жоқ",-деді мемлект басшысы.

Оның айтуынша осы проблемаға байланысты өз кезінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кейінге шегерілді.

Бүгін байқағанымыздай БЖЗҚ осы сыннан қорытынды шығаруға тырысып, өзін-өзі қамтушылармен байланыс орнатуға тырысқан.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.