Мәскеудің Арбитраждық соты Әзірбайжанның Халықаралық банкінің еншілесі «МБА-Москва» банкі капиталының 41,6 пайыз үлесіне тиым салды. Бұл қаржылай көлемде 1,3 млрд рубль.
Сотқа шағымды 2016 жылы Әзірбайжандық банкке 21,3 миллион доллар көлемінде кредит берген Ресейдің Сбербанкі түсірген. Банки.ру порталының жазуынша «МБА-Москва» банкі 2002 жылы құрылған. Оның Әзірбайжандағы құрылтайшысы Халықаралық банк өткен жылы дағдарысқа ұшыраған еді.
Айта кетейік, қазақстандық БЖЗҚ аталған банкке 250 миллион доллар инвестициялаған. Қаржы ұйымы былтыр дағдарыс кезінде сыртқы қарыз бойынша төлемді тоқтатып, қайта құрылымдау туралы келіссөз бастаған еді. Кейінірек ҚР Ұлттық банкі әзірбайжандық банк қарызын қайта құрылымдаудың тетігін тапқаны туралы хабарлады.
Бұл бойынша банктің 250 миллион доллар міндеттемесін 15 жыл мерзіммен, 2032 жылға дейін, 3,5% сыйақы мөлшерлемесімен Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздары түріндегі қарызға ауыстырылу көзделген.