Новости

2700 салымшы зейнетақы қорын «тастап кетті»

Өткен жылы БЖЗҚ салымшыларының біразы зейнетақы аннуитетін пайдалануды жөн көрген сияқты.

842

Өйткені БЖЗҚ төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаеваның мәліметінше, қордың 2784 салымшысы өздерінің зейнетақыларын сақтандыру компанияларына аударған.

«2017 жылы 26,06 млрд теңге сақтандыру компанияларына аударылған. Салымшылар зейнетақы аннуитетін сақтандыру компанияларынан рәсімдеуді жөн көріп, 2784 адам өздерінің зейнетақыларын сонда рәсімдеді», — деді Егеубаева баспасөз конференциясында.

Зейнетақы аннуитеті — зейнетке ерте шығудың амалы

Салымшылардың зейнетақы аннутиетін пайдалануы зейнетке ерте шығу мақсатына байланысты болуы мүмкін. Себебі биыл, яғни 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді. Бұған дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жас болған, енді 2027 жылға дейін оған жарты жыл сайын 63 жасқа жеткенше алты айдан қосылып отырады.

Бұдан бөлек, Сәуле Егеубаева 53 жасқа жеткен көп балалы әйелдердің зейнетке шығуына қатысты да өзгерістер болғанын атап өтті.

«Егер әйелдің 5 немесе одан көп баласы болатын болса, ол зейнетке шығу құқығын пайдалана отырып, жұмыс істеуін жалғастыра береді. Ол үшін ақша аударымдары жүзеге асырылады», — деді Егеубаева.

Бұдан түсінгеніміз, 53 жасқа толған көп балалы әйел мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті шарттар негізінде зейнетақы алуға құқылы. Бірақ олардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары зейнеткерлік жасқа жеткенде ғана беріледі.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.