Бұл туралы Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева мәлімдеді. Оның ақпаратына сәйкес, алғашқы мәміле 2018 жылдың наурыз айында өтті.
«БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің валюталық бөлігін тікелей стратегиялық бөлу шеңберінде зейнетақы активтерін басқару туралы инвестициялық декларация қарастырылған. Осы компанияға қаражат аудару дамушы елдердің жаһандық облигацияларының мандаты шеңберінде жүзеге асырылды. 2018 жылдың наурыз айында „Aviva Investors“ компаниясының сенімгерлік басқаруына 220 млн доллар қор активтері ақша түрінде берілді. Бұл компания Aviva PLC қорларын басқаратын ірі топтың бөлімшесі болып есептеледі. Оның басқаруында 440 млрд долларға жуық қаражат бар», — деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, Нұрбибі Наурызбаева БЖЗҚ қаражатының бір бөлігін отандық басқарушы компанияларға беру туралы ақпараттың әзірше жоқ екенін атап өтті.
«Ол екі инвестициялық компания бола ма, әлде одан да көп бола ма белгісіз. Бұл ақпарат Ұлттық банк әзірлеген инвестициялық стратегияға байланысты болады», — деді ол.
Бұған дейін мәлім болғандай, зейнетақы қаражаты жеке басқарушы компанияларға биыл беріле бастауы керек болған.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ активтерін жеке меншік басқарушы компанияларға беру туралы ақпарат алғаш рет 2015 жылы пайда болды. 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев БЖЗҚ-ны Ұлттық банктің бақылауынан шығаруды тапсырды.
Айта кетерлігі, 2016 жылы зейнетақы активтерін жеке компанияларға беру процесі 2017 жылы басталады, деп уәде етілген. 2017 жылы БЖЗҚ-да қазақстандықтарға өздерінің жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқаруға қатысуға мүмкіндік беретіні айтылды.