Оның айтуынша, зейнетақы жүйесіне кейбір жаңашылдықтар енуі мүмкін, содан кейін реформа жалғасатын болады.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында, Премьер-Министр Дмитрий Медведев алдағы уақытта Мемлекеттік Дума зейнет жасын көтеру туралы ұсыныс жасайды деп уәде берген еді. Оның айтуынша, ағымдағы зейнеткерлік жас 1930 жылы қабылданған, ал ол кезде орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 40 жас болған. Ал қазір Медведевтің айтуынша, белсенді өмір сүру уақыты келді.
Министрлер кабинеті реформа барысында Алексей Кудриннің басшылығымен әзірленген стратегиялық зерттеулер орталығының идеясын қарастыратындығын БАҚ жазған болатын. Орталық өз кезегінде зейнеткерлік жасын ерлер үшін 65-ке, ал әйелдер үшін 60-ға дейін арттыруды ұсынды.
Сонымен қатар аржы министрлігінің басшысы Антон Силуанов бірте-бірте ерлер мен әйелдер үшін де зейнет жасын 63 жасқа дейін арттыруға бағытталған реформаның жобасы туралы бұрын айтқан болатын.
Қазір Ресейде зейнеткерлік жас әйелдер үшін 55 жас, ал ерлер үшін - 60 жас.