«Бузгул Аурум» компаниясының негізін қалаушы Бақытжан Кенжебаев өз бастамасымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) келтірілген зиянның бір бөлігін өтеуге дайын. Бұл туралы БЖЗҚ-дағы қоғамдық кеңес хабарлады.
Бақытжан Кенжебаев БЖЗҚ-ға 5 млрд теңге инвестициялаған «Бузгул Аурум» ЖШС жағдайы бойынша қоғамдық кеңесте сөз сөйлеген.
Бұл адвокат Евгений Прицкердің көмегімен және Бақытжан Кенжебаевтың өтінішімен жүзеге асқан. Өтініште компаниядан зиян келтірілген қор үшін өтемақы ретінде өзінің жеке шотындағы қаражатты БЖЗҚ-на ерікті түрде қайтару туралы айтылған. Өтінішті судья М.А. Какимжановаға қарау тапсырылды. Онда шот нөмірі, барлық сома мен олар орналастырылған банктер көрсетілген.
«Мен аталған қаражаттың иесі болып саналамын», — делінген құжатта. «Мен азаматтық талап бойынша сот шешімін өз еркімен орындағым келеді».
«Осыған байланысты сотқа жоғарыда көрсетілген шоттардан тыйым салуды алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Халық банкі, Казкоммерцбанк, АТФБанк, Банк ЦентрКредит, AsiaCreditBank-тегі маған тиесілі шоттағы қаражатты санап, талап ету туралы өтініш білдіремін», — деді Кенжебаев.