Новости

Қазақстандық банктер зейнетақы қорынан 200 млрд теңге алады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге арнайы бағдарлама аясында облигация түрінде банктерге салынады.

633


Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Сенаттағы парламенттік тыңдауда сөйлеген сөзінде айтты.

«Қаржыландырудың екінші элементі — облигациялық бағдарлама, біз оны 2018 жылы бастауды жоспарлап отырмыз. Ол Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестицияларын банктердің қаржы құралдарына және корпоративтік қазақстандық эмитенттерге тартады. Біз 200 млрд теңгеге жуық қаражатты күтіп отырмыз. Бұндай шешімді Ұлттық қор басқармасы қабылдады — бұл сома кепілге алынады», — деді ҰБ төрағасы.

Сонымен қатар, ол банктерге қаражат бөлу тек ашық негізде жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Біз банктерге жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаттары бөлінгені негізінде, ешбір жағдайда ол тәжірибені қалпына келтірмейміз. Біз банктің бағалы қағаздарын иемдене отырып, нарықтық ставкалар бойынша нарықтық талаптарға сай қаржыландыруды көздейміз. Бірақ қордың тәуекелдерін қорғау үшін бүл бағалы қағаздарға олардың әр шығарылымының көлеміне байланысты 50 пайыз мөлшерінде БЖЗҚ-ның қаражаты тартылады деп болжап отырмыз», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Данияр Ақышевтің айтуынша, Ұлттық банкте қаражат беру кезінде банктің нақты перспективаларына назар аударылатын болады.

«Бұл дегеніміз банк БЖЗҚ-ның қаражаттарын алмай тұрып, бізге нарықта ақша тартатын сомаға нарықтан ақша тарта алатындығын, ал қалған бөлігіне БЖЗҚ бұл облигацияларды сатып ала алатындығын нақты көрсетуі керек. Бұл банк эмитентінің өзіндік тәуекелін тек БЖЗҚ-да ғана жасамайды. Ол нарықтың басқа қатысушыларымен де теңестіріледі», — деп түсіндірді ол.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.