Мнение

Зейнетақы саласына қатысты ең жиі қойылатын сұрақтар

Зейнетақы саласына қатысты сұрақ көп. Көпшілік ең қарапайым сұрақтардың өзіне жауап іздейді. Біз көпшілік көкейіндегі ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

1828


ҚР-ның зейнетақы жүйесі Чили мемлекетінің зейнетақы жүйесінің моделіне негізделіп жасалған. Оны әлемде Латын Америкасының зейнетақы жүйесі моделі деп те атайды. Біз не себепті Чили мемлекетінің үлгісін алдық? Неге басқа мемлекет емес?

Себебі 1924 жылы Чили Латын Америкасында ең бірінші болып қарт адамдарды, мүгедектерді сақтандыру мақсатында, сақтандырудың мемлекеттік жүйесін құраған болатын. Әрине кейінірек бұл жүйесі тиімді емес болып табылды, бірақ бұл мемлекет осы бағыттағы жұмыстарын тоқтатқан емес. Сондықтан Чили бірінші кезекте зейнетақы сақтандыру реформасы сәтті жүзеге асырылған мемлекет болып саналады. 1980 жылы Чилиде түпкілікті зейнетақы реформасы орын алған болатын. Бұл реформаның негізгі мақсаты Чилидің барлық азаматтарын толық әділ зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз ететін жеке еркіндікке негізделген жүйені қалыптастыру болып табылды. 1983 жылдан бастап бұл жүйе толық жүзеге аса бастады, сондай-ақ әлем елдерінің назарын өзіне аударған болатын. Қазақстан да 1998 жылы осы үлгіге сүйене отырып өзіміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырдық.

Көп мемлекеттерде жеткілікті көлемде қаражат жинаса, зейнетке ерте шыға алады, ал Қазақстанда ерте шыға ала ма?

Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорына қаражат жинақтаушы азамат, зейнетке шықпай ақ ол қаражатын өзінің жеке мақсаттарына жұмсауына толық құқығы бар. Бізде Қазақстанда ол рұқсат етілмеген. Негізгі зейнетақы жинақтарын реттеуші Ұлттық банктің уәжі келесідей, біздің халықтың қаржылық сауаттылығы төмен болуына байланысты. Олар жиналған қаражатын қалай алуға мүмкіндігі бола қалса болды, алып құртып үлгереді, соңында қарт кезіне еш жинақ қалмай қалады деген негізгі аргументтері бар.

Зейнетақылық ануитет дегеніміз не?

Біздің елде де заң бойынша ер азаматтар 55 жасында, ал әйел азаматтар 50 жасында зейнетке шыға алады. Бұл зейнетақылық ануитет деп аталады. Зейнетақылық ануитет — зейнетақы жинақтарын алу арқылы азамттарға зейнетақы төлемін жүзеге асыратын сақтандыру компанияларының қаржылық инструменті болып табылады. Мұны өмірлік зейнетақы деп те атауға болады. Егер зейнетақы қорындағы қаражат сізге таусылғанша төленсе, бұл жерде сіз өмірден озғанша төленеді. Әрине бұл инструментке бірден көпшіліктің қызығушылығы оянатыны сөзсіз. Бірақ бір қиындық бар ол ер азаматтардың жинағы 55 жасында 9 млн, ал әйел адамдардың жинағы 50 жасында 12 млн болуы керек екен. Ал көп азаматтардың БЖЗҚдағы жинақтары 1 млн-ға да жетпейтінін ескеретін болсақ, көпшілік бұл мұмкіндікке қол жеткізе алмайды деген сөз. Негізінен орта тап өкілдері, әрі зейнетақы қорына көп қаражат аударатын азаматтардың ғана үміті бардеуге болады. Бірақ бірер жылдар бұрын ануитеттің сомасы 2 млн теңгенің шамасында болатын, егер сол сақталғанда көп азаматтардың мұндай мүмкіндігі болушы еді. Неге көтеріліп кеткенін сұрастырып білгенімізде бір сақтандыру компаниясының өкілі біз оны есептегенде БЖЗҚ дағы ең төменгі зейнетақыға қарап есептейміз, бұл заң бойынша Ұлттық банктің бекіткен есептеу ережесі деп жауап берді. Демек бізде БЖЗҚға ақша аударып отыру оңай да, ал ол қаражатты алып тірі кезіңде оның қызығын көру тіпті арман ғана болып тұр. Бұл осыған байланысты тиісті заңдарға өзгерістер еңгізу керек дегенді білдіреді.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері қалай жүзеге асады?

Бүгінгі күнге дейін еңбек өтілі мен табысы болмаған күннің өзінде зейнет жасына жеткендерге 14 466 мың теңге қаражат беріліп келді. Бұны базалық зейнетақы дейміз. Одан бөлек ынтымақты зейнетақы бар. Ол сол Чили үлгісінде құрылған 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн әйелдерде 20, ер адамдарда 25 жыл еңбек өтiлiмі болуы керек. Себебі, осы жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды. Осы қорға жалақының 10 пайызы міндетті түрде аударылып келеді. Кемінде алты ай еңбек өтілімі бар болса, республикалық бюджеттен ынтымақты зейнетақы бөлінеді. Үшіншісі— ерікті зейнетақы. Аты айтып тұрғандай, мұнда зейнетақы әркімнің өз еркімен жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын аударып отырған төлеміне байланысты жүзеге асырылады. Арнайы шот ашып жинақ жүргізуге болады.

Базалық зейнетақыны есептеуге өзгеріс енгізіле ме?

2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліміне қарай есептелетін болады. Жинақтаушы зейнетақы қорына жиналған зейнетақы жарнасы ескеріледі. 1998 жылдың қаңтарына дейінгі де, кейінгі де еңбек өтілімі есепке алынады. Егер еңбек өтілімі10 жылдан кем не мүлдем болмаған жағдайда, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы тағайындалады. 2018-ден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 284 теңге болды. Бұл жердегі 28 284 теңгенің 54% 15 273 теңге болып шығады. Еңбек өтіліңіз болмаса осы қаражатты аласыз. Ал егер еңбек өтілімі 10 жылдан асатын болса, әр жыл үшін 2% үстеме қосылады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, ең төменгі өмір сүру деңгейінің 74%, ал 30 жылға 94 пайызы көлемінде тағайындалады. Жалпы еңбек өтілімі 35 жыл болғанда ғана, базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі өмір сүру деңгейінің 100% көлемінде берілетін болады.

Елімізде әйелдер зейнет жасының ұлғаюына байланысты келер жылдан бастап зейнетке шығу қалай жүзеге асырыла бастайды?

2027 жылдан бастап әйелдер зейнетке 63 жасында шығатын болады. Содан кейін 2013 жылдың 9 маусымында Президент «Зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы заң жобасын кейін қайтарған болатын. Енді 2018-2027 жыл аралығында кезең-кезеңімен артып отыратын болды. Әйел азаматтардың зейнет жасы алты ай сайын қосылып отырады. Енді бұған қатысты қандай пікір айтуға болады, біздің мемлекетте әйел азамттар ұзағырақ өмір сүреді екен. Соған орай осы өзгеріс еңгізіліп отыр.

Әйелдер қандай жағдайда зейнетке ерте шыға алады?

Әйелдер зейнеткерлікке ерте шыға алатын жағдайлар:

Бірінші, 50 жасқа толғанда зейнетақы жмнақтарының 12 млн жетуі арқылы зейнетақы ануитетін алу;

Екіншісі, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар, 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде төтенше және жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрған 45 жастағы әйелдер;

Үшіншісі, бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген 53 жастағы әйелдер.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.