— Желтоқсан айының басында «АрселорМиттал Темиртау» кеншілері жер астынан шықпай, ереуілге шыққан еді. Олар жалақыны көбейтумен қатар, зейнетке 50 жаста шығуды талап еткен еді. Бұл талапты сіздер қанағаттандырасыздар ма?
— Қазақстан республикасында 1998 жылғы 1-ші қаңтардан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ауысуына байланысты жеңілдікті жағдайларда және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақылары жойылды.
Мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскерлердің зейнетақымен қамсыздандыру үшін тең жауапкершілігі қағидатымен негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың міндетті кәсіптік схемасын жасау және күшейту міндеті алғашқы орынға шығады.
Осыған орай, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкердің табысынан 5 пайыз мөлшерде 2014 жылдан бастап міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) енгізілді. Осылардың қатарында шахтерлер де бар.
-Осы орайда, соңғы шешім бойынша, Қазақстанның балет бишілері де зейнетке 38-40 жаста емес, ақ түсіп қартайғанша еңбек етуі тиіс, неліктен олар зейнетке ерте шығарылмайды?
Жоғарыда айтып кеткенімдей, балет әртістері де шахтерлер сияқты еңбек демалысына міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен 50 жаста зейнетке шығуына болады.
2014 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап 8 мыңнан астам жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 425 мың қызметкердің шотына МКЗЖ аударуда. МКЗЖ есебінен құралған зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 2017 жылғы 1-ші қаңтардан бастап шамамен 135 млрд. теңгені құрайды.
Бұдан басқа Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасымен іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 1-ші қаңтардан бастап жұмыс берушінің есебінен қосымша 5% міндетті зейнетақы жарналарын енгізу көзделген.
Аталған шаралар, қолданыстағы зейнетақы жүйесінің тұтастығын және жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту принциптерін сақтауға жәрдемдесе отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде зейнетке ерте шығуға (50-жасқа толған кезде) мүмкіндік береді".
-БАҚ беттерінде кеншілердің жалақысы өсуі басқа зейнеткерлерге кері әсерін тигізеді делінген болатын. Олардың қандай байланысы бар және неліктен оларға кері әсер етеді?
-Кеншілердің еңбекақыларының өсуі қазіргі зейнеткерлердің жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне әсер етпейді.