Мнение

Сауалнама: БЖЗҚ қызметіне сенім артасыз ба?

enpi.kz қор қызметі туралы Алматы қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргізген еді. Олай болса, кезекті сауалнамаға назар аударыңыз?

1614


2013 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен «ГНПФ» ЖЗҚ" АҚ негізінде Бірыңғай зейнетақы қоры құрылды. Сол уақытта халық арасында түрлі сынға ұшыраған бастамаға Ұлттық банк төрағасы болған Григрий Марченконың өзі: «Президенттің тапсырмасы бәрібір орындалады. Түптеп келгенде, бұл арада бәлендей ештеңе өзгере қоймайды. Адамдардың есепшоттары да, онда жиналған ақшасы да өздерінде қалады», — деп пікір білдірген болатын.

Одан бері зейнетақы қорына 4 жыл уақыт өтті. Қазіргі таңда еліміз бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 231 бөлімшесі жұмыс істейді. enpi.kz қор қызметі туралы Алматы қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргізген еді. Олай болса, кезекті сауалнамаға назар аударыңыз?

1. Өзіңіз жайлы ақпарат берсеңіз (аты-жөніңіз, жұмыс орныңыз, жасыңыз)?

2. Сіз еңбекақыңыздың неше пайызын бірыңғай зейнетақы қорына аударасыз?

3. Сіз БЖЗҚ-на сенім артып, қызметіне көңіліңіз толады ма?


Асанбаева Сәуле Асанбайқызы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры.

  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына әр ай сайын алатын жалақымның 10%-ын аударып отырамын.
  • Толықтай БЖЗҚ-на сенім артамын. Себебі болашақта, білектен күшім кетіп қартайғанда, жағдайымның жақсы әрі келешігімнің сенімді болуына кепіл болады деп сенемін. Зейнеткерлікке шыққанда жеке қорымда қаражат болса, бос уақытымда жеке кәсіп ашып, оны жүргізуге зор мүмкіндік береді. Ал жалпы менің жұмыс өтіліміме 25 жыл толды. Осы уақыт аралығында сенімді әрі мемлекеттік зейнетақы қорына аударылып отырады.

Иса Азиза

  • Жасым жиырмада. Студент бола тұра қосымша жұмыс істеймін. Жұмысым мемлекеттік заңнамаларға сәйкес, қызметкерлердің құқығы қорғалған, McDonald’s ресторанында қызмет етемін.
  • Еңбекақымыз ай сайын жүріп отырады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына айлығымнан 7%-ын аударылып отырады. Бұл мемлекеттік қорға еңбекақымның қандай да бір бөлшегі аударылып отырылуын құптаймын. Сонымен қатар 21 жасқа толған кезімде несиеге бір зат ала алатын боламын.
  • Мен тіпті ол жайлы ойламайды да екенмін. Дегенмен, мемлекеттің қорғауында, қарауында. Сондықтан сенім артамын.


Жүнісбек Сара Жүнісбекқызы. Осы жылдан бастап № 15 гимназияда мұғалім болып жұмыс істеймін.

  • Мекеме менің айлығымның 10%-ын БЖЗҚ-на аударады.
  • Дәл қазір менің жасым жиырмада. Алайда, мен жиырма жасымнан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақша аударыға қарсымын! Себебі менің зейнеткерлікке шығуыма дейін алдымда қаншама жыл бар. Соңғы жаңалықтардан естуімше, БЖЗҚ-на аударған ақшамызды басқа мемлекеттің банкісіне аударып, ол банк шығынға ұшырап, қомақты 40 миллиард доллар қаржымыздың қайтарылуы белгісіз екен. Онда да 90 жылдан кейін қайтуы да, қайтпауы да ықтыймал. Жеке өз басым еңбегіммен тапқан ақшамның ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткенін қаламаймын. Сондықтан мен БЖЗҚ жұмысы мен жауапкершілігіне сенімсізбін және дәл бұлай ақша жинағым да келмейді. Алайда біздің пікірімізбен санасып жатқан адам жоқ. Қаласаң да, қаламасаң да ақшаны қорға аударасың. Мәселен, мен жаңадан жұмысқа тұрған мұғалім болғандықтан 57 000 айлығымның ұсақ-түйегімен 10 000 теңге ұстап қалады. Сол үшін қазірден қор жинағым келмейді! Сонымен қатар менің анам зейнетақы қорына қаншама жылдан бері ақша салып келеді. Жақында ғана анамның ақшасын есептесек, қаншама жылдың еңбекақысы мүлде көбеймеген. Сонда ол желінді ме әлде сол күйінде қаржы өзгеріссіз тұрады ма түсініксіз ақпарат. Менің ойымша, әрбір адам өзі қалаған сәтінде қаржыны жинаған дұрыс. Болашақта осы мәселені қолға алса екен деген тілек білдіргім келеді.


Тұрсынмұратқызы Дана

  • Жасым жиырма екіде. Отбасылы адаммын. Күйеуім екеуміз бірге жеке кәсіппен айналысамыз. Яғни, техникалық жабдықтарды алып-сатумен айналысамыз.
  • Еңбекақымыздың 3%-ын 2 жылдан бері зейнетақы қорына аударып отырамыз. Келешекте зейнеткерлікке шыққан уақытымызға қор жинау үшін бүгіннен әрекет жасап тырысудамыз.
  • Сенемін деп те айта алмаймын. Себебі соңғы уақытта түрлі жағдайлар орын алып кетті. Соның бірі БЖЗҚ зейнеткерлеріміздің қаржысын көкке шашып, шығынға батқаны. Білмеймін, бірақ аударып жатырмыз.


 Бисенбаева Асель

  • И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы ауруханасында қызмет етемін. 2 жылдан бері ай сайын айлығымның 10%-ы зейнетақы қорына аударылып отырады.

  • Бірыңғай зейнетақы қорына 92% сенемін. 100% сенбеуімнің салдары түрлі өзгерістер мен қателіктер БЖЗҚ қызметінен табылып жатыр. Алдағы уақытта ізденіп, сіздің сауалыңызды ескеріп, мемлекеттік зейнетақы қорын зерттейтін боламын.

Сұрақ-жауап жүргізу бойынша салымшылардың арасында өз құқығын жақсы білетін, қаржы сауаттылығы жоқ және зейнетақы қорына көңілі толмайтын адамдар да кездесті. Мәселен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен несиесін жабу, жылжымайтын мүлік сатып алу, емделу ақысын төлеу мүмкіндігі қолданыстағы заңнамада көзделмеген.

Алайда, БЖЗҚ-на ақшаны аударса, осы аталған мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады деп ойлайтын жастар да кездесті. Демек, салымшылардың зейнетақы қоры жайлы сауаттылығын арттырып, зейнетақы шотының жағдайы, сақталу кепілдігі мен ерікті зейнетақы жарналары жайында мәлімет алуы қажет екенін аңғарасыз.

Сондықтан, ең алдымен, сұрақ БЖЗҚ қызметкерлінің ақпаратты салымшыларға қаншалықты жеткізетіні мен қандай сенімге ие екені бесенеден белгілі болды. Сауалнама барысында салымшылардың 70%-ы БЖЗҚ-на сенім білдірсе, 20%-ы сенімсіздік білдіріп, 9% -ы сұхбаттан бас тартып, 1%-ы зейнетақы қоры жайлы ештеңе білмейтінін жеткізді.

Бүгінгі қоғамның пікір мен жағдайы осындай. Ал сіз қаншалықты БЖЗҚ жайлы жаңалықтар мен қажетті ақпараттарға қанық болып, келешекте қол жеткізетін зейнетақыңыз жайлы бүгіннен ойланасыз?

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Комментарии

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.