Мнение

Мақсат Халық: «Зейнетақы қорындағы инвестициялық жұмыс дұрыс атқарылмай, шығынға батып жатыр»

Белгілі экономист БЗЖҚ қаржысын инвестициялау, зейнетақы қорын дамыту, қаржылық сауаттылық туралы пікір білдірді.

13502

Соңғы мәліметтер бойынша БЖЗҚ қаржысы 7,97 трлн теңгені құрады. Және 2018 жылдың алғашқы үш айында инвестициялық таза пайда 66 млрд теңгені құрады. Инвестициялық түскен пайданы пайызбен көрсетсек үш айда 0,83%-ға дейін өскен. Бұл жақсы ма? Жалпы БЖЗҚ инвестициялық саясаты қалай жүзеге асуда? Осы туралы белсенді жас сарапшылардың бірі Мақсат Халықтың пікірін білген едік.

-Соңғы мәліметтер бойынша БЖЗҚ қаржысы 7,97 трлн теңге және 2018 жылдың алғашқы үш айында, инвестициялық таза пайда 66 млрд теңгені құрады. Инвестициялық түскен пайданы пайызбен көрсетсек үш айда 0,83%-ға дейін өскен. Осы қарқынды ұстап отырсақ, жылдың соңында шамамен 4%-ды құрайды, инфляция деңгейіне жетпей қалса бізде шығынға ұшырамаймыз ба?

-Зейнетақы қорындағы қаражат көлемді, сондай-ақ бәрін қызықтырады барлығының көзі түсетіні де белгілі. Ең негізгі құндылық — халықтың ақшасы және салымшылар —жұмыс жасап жүрген азаматтар. Азаматтар болашағына жинап жүрген ақша-қаражаттары болғандықтан, салымшылар өз салымдарының қорғалуын, қамтамасыз етілуін, инфляция жеп қоймауын, инвестициялық табысының көп болуын қалайды. Қарттық деңгейіне жеткенде пайдалануын ойлайды. Сондықтан 0,83% аз көрсеткіш, инфляция деңгейі жыл басынан бері 2,2% құрады, осы тенденция жалғаса берсе инвестициялық табыс инфляция деңгейінен төмен болады, шығынға ұшыраймыз. Бұл дегеніміз халықтың ақшасы өз-өзін ақтамай жатыр, бір орында тұрып құнсызданып жатыр. Соңғы екі жылдың көлемінде зейнетақы қорындағы қаражатының инвестициялық кірісі инфляция деңгейінен асқан емес. Зейнетақы қорындағы инвестициялық жұмыс дұрыс атқарылмай, шығынға батып жатыр деген қорытындыға келуге болады.

— Қазіргі кезде зейнетақы қорының басым бөлігі, яғни 45% мемлекеттік бағалы қағаздарға, сондай-ақ, 15% банктердің облигациясы мен депозиттеріне, 13% шетелдік бағалы қағаздарға жұмылдырылған. Бағалы қағаздардың 45%-ын мемлекеттік бағалы қағаздарға салғанымыз қаншалықты деңгейде ақталады?

— Мемлекеттік бағалы қағаздар — кепілдендірілген бағалы қағаз болып табылады және инфляция деңгейінен жоғары табыстылықты көп жағдайда қамтамасыз етеді. Тікелей зейнетақы қорының қаражаттарын құнды қағазға салып қойса да 8% өсім береді. Шашыратпай-ақ түгелдей ақша-қаражаттарын салсақта, біз қиын жағдайдан шығып отырамыз. Әрине, бұл жерде мықты мамандар қажет және экономиканың заңдарына сәйкес бәрін бір ұяшыққа салып отыру дұрыс емес, оны үйлестіріп, бөліп отыруға тиіспіз. Мәселен, банктерге және IPO-ға шыққан компанияларға салуға болады. Инвестиция барысында техникалық көрсеткіштеріне, компанияның талдауларына көңіл бөлген дұрыс. Баламалы тұстарын қарайтын болсақ, ел экономикасына дұрыс әсер етеді.

-Қазіргі кезде бізде активтерді портфельдерге бөлуге байланысты альтернативалар бар ма?

-Қор нарығында айтарлықтай альтернативалар жоқ, қазіргі кездегі бар инструменттерді тиімді пайдаланудың өзі кірістілікті қамтамасыз етеді. Актуалдығын жоғалтпайтын шетелдік бағалы қағаздар. Бұлар дұрыс реттеліп, дұрыс инвестицияланатын болса мол кірістілікті қамтамасыз етеді деп есептеймін.

— Ақша-қаражаттарын шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына жұмсауға келетін болсақ, мәселен Перу, Чили мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсаймыз. Оның орнына неге біз мемлекетіміздегі компаниялардың IPO-ларын сатып алуға жұмсамаймыз.

— Өте орынды сұрақ. Әзірбайжандағы банкке ақша-қаражаттары салынды, бірақ инвестициядан кейінгі жағдай, Әзірбайжан банкінің банкроттық деңгейде тұруы біршама шығынға ұшыратты және Ресей қор нарығындағы біздің активтеріміздің табыстылығы Ресейге салынған санкциялардың нәтижесінде түсіп кетті. Сондықтан бұл жерде шетел бағалы қағаздарына жұмылдырылған кезде кәсіби тұрғыда шешім қабылдау керекпіз. Бізде IPO нарығы әлі де болса дамымаған. Қор нарығын дамыту басты назардан түспеу керек және нарыққа жаңа ойыншылар (компаниялар), өндірістік компаниялар шығып отырғаны ел экономикасына оң әсер етеді.

-Біздегі зейнетақы қорының дамуына қайсысы маңыздырақ: топ менеджерлер ме, әлде халықтың сауаттылығы ма?

-Дәл қазіргі жағдайда топ менеджерлердің болуы маңызды, халықтың сауаттылығын арттыру ұзақ уақытты алуы мүмкін. Әрине, халықтың сауаттылығы да маңызды, оған Ұлттық Банктің өзі араласуы керек. Бірақ, қаржы мамандарының біліктігі бізге қазір ауадай қажет.

-Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруда қандай ұсыныстар айтасыз?

-Ұлттық Банктің басты міндеті, зейнетақы қорының жұмыс жасауы, ол жайында ақпараттарды толық білуі, инвестициялық табысы инфляция деңгейінен төмендеуі, халықтың қаражатының жиналуы, жинақталған қаражаты жеткілікті болса зейнетақы аннуитеті бар, оны 55 жастан және жиналған ақша-қаражаты 2,5 миллионнан асқан болса пайдалануға құқысы бар. Мәселен баласын шетелге оқытқысы келді, азаматқа қаржы керек болса, зейнетақы аннуитетін пайдаланып баласын шетелге оқытуға мүмкіндігі болады. Бұл бір жолдары, бұдан басқа да жолдарын халыққа түсіндіріп, сауаттылығын арттырмаса, білместіктен халық жүре береді. Екінші мәселе, халықтың жаппай несие алуы. Соңғы кездері қазақ тілді аудитория өсіп келе жатыр, көлемі 80-90%-ды құрайды. Қазақ тілді аудиторияның қаржылық сауаттылық деңгейі төмен. Бұл бағытта бірінші Ұлттық Банк сауаттандыру жұмысын өз қолына алу керек. Екінші, елімізге бей-жай қарамайтын азаматтар түсіндіру жұмыстарын жасау керек.

-ҚР азаматтарын экономикалық жаңалықтарды көбірек таратуға неге басымдылық бермеске? Әлде халық экономикалық ақпараттарды, мысалы: зейнетақы қорындағы инвестициялық кірістің төмендігі сынды ақпараттармен хабардар болса біреулерге зиян ба?

-Егер азаматтық қоғамды қалыптастырғымыз келсе, менің даусым, менің салығым деген құндылықтарды алға тартатын қоғам құру маңызды. Өзін еркін сезінетін, өз меншігін еркін қолданатын қоғамға ұмтылсақ, керісінше жүреді, халық сауаттылығын арттырады. Ал егер, халық білмей-ақ жүре берсін десек, экономика ешқашан дамымайды. Қоғам — ол организм және өз ауруын өзі емдеуге қабілетті. Егер бұл ақпараттарды білумен қатар осы қоғамды өзгерту үшін не керек екенін білсе, осы процесте ат салысса ел дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын.

 Сұхбатыңыз үшін рахмет!

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.