Мнение

БЖЗҚ салымшылары жинақтарын «7-20-25» бағдарламасына пайдалана алмайды

Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдау барысында ҰБ төрағасы Данияр Ақышев айтты.

689

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың айтынша БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын «7-20-25» бағдарламасына салу үшін пайдалана алмайды.

«Ұлттық банк мұндай идеяны мүлдем қолдамайды. Азаматтардың БЖЗҚ-да жинаған қаржысы олардың зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін өмір сүру қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, бұл қаржы адамдардың қазіргі әлеуметтік проблемаларына ескерілмеген. Дәл қазір аталған идеямен келіспейміз, сәйкесінше ешқандай қадамдарды қарастырған жоқпыз», — деді Ақышев.

«Яғни, болашақтың қаржысы бүгінгі проблеманы шешіге бағытталмауы керек» дегенді меңзеді ҰБ төрағасы.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолда Әбдірахымов «7-20-25» бағдарламасы бойынша үй алғысы келетіндер бастапқы жарнаны төлей алмауы мүмкін«, деп, оны зейнетақы қоры есебінен төлеуді ұсынған еді.

«Мен көпшілікте жоқ бастапқы жарнаны зейнетақы қоры есебінен төлеуді ұсынамын. Егер мүмкін болса, адамдарға бұл қаражатты қолдануға рұқсат беру керек. Оларда қорда жинаған ақшалары бар. Осы нұсқаны да қарастыруымыз керек. Бұл орындала қалады деп айта алмаймын, бірақ ұсыныс ретінде айта аламыз», — деген еді ол.

Алайда, бұған ҰБ төрағасы қарсы болып отыр.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.