Международный опыт

Зейнетақы қашан пайда болған?

Зейнетақы – азаматтарға қарттығына, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы.

1742

Мұндай төлемдер әлемнің әр елінде түрліше жүйе арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке жарамсыз болған азаматтарға мемлекет тарапынан көмек көрсету қашаннан бастап және қай жерде қолға алына бастады?

Алғаш рет қартайған шенеуніктер мен әскерилерге ежелгі Рим Империясы жәрдемақы төлеп отырды. Империя тараған соң ешбір елдің «қалтасы» ұзақ уақыт бойы зейнетақы төлеуді көтермегендіктен тоқтайды. Тек XVII ғасырда ғана Еуропадағы ірі елдер зейнетақы төлей бастайды. 

1673 жылы Франция теңіз қарулы күштерінің офицерлеріне жәрдемақы тағайындады. 

1790 жылы 30 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған және жасы 50-ге жеткен азаматтарға заңды тұрғыда зейнетақы қарастырылатын болды. 

1825 жылы Пруссия шенеуніктерге арналған арнайы зейнетақы қорының негізін қалады. 

Пруссия басқа да неміс князьдіктерін біріктірген соң, 1889 жылы Отто фон Бисмарк кезеңінде Германияда жалпыға бірдей зейнетақы төлеу жолға қойылды. 

Германия ізінен Дания 1891 жылы, Ұлыбритания 1908 жылы, Франция 1910 жылы жалпыға бірдей зейнетақымен қамтамасыз ету туралы алғашқы қадамдар жасады. 

Әлемдегі ең алғашқы жалпыға ортақ зейнетақы жүйесін 1898 жылы енгізген— Жаңа Зеландия.

Қазіргіге ұқсас зейнетақы жүйесі 1910 жылы қалыптасты. Францияда алғаш рет адамдар мемлекет тарапынан емес, өзі жұмыс жасап жүріп, зейнетақысын арнайы қорға жинақтай бастады. Жаңа құрлыққа мұндай бастамалар тек 1927 жылы жетті. 

Америка құрлығындағы алғашқы зейнетақыны енгізген ел — Канада. АҚШ-тағы бірінші зейнетақы қоры 1935 жылы жұмысын бастағанға дейін Латын Америкасындағы Чили, Уругвай, Бразилия мен Эквадор өз азаматтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында зейнетақы жүйесін құрған болатын.

Еуропада басталған мұндай әлеуметтік бастамалар Азияға Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында жетті. Алғашқы болып 1942 жылы милитаристік Жапония зейнетақы жүйесін құруға ниет білдірді. Алайда алғашқы төлемдер тек 1954 жылдан бастап қана жүргізіле бастады. 

Сол секілді, КСРО-да да 1932 жылы «Әлеуметтік сақтандыру» туралы заңнама қабылданды, алайда 1956 жылы «Мемлекеттік зейнетақы» туралы заң қабылданған соң ғана сәтті жұмыс істей бастады. КСРО-да зейнетке шығу жасы әйелдерге 55 жас, ерлерге 60 жас болып бекітілген болатын. Ресей Федерациясында КСРО кезіндегі зейнетке шығу жасы сақталып қалған. Тек соңғы жылдары ғана зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы Думада сөз қозғалып жатыр.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бастап посткеңестік елдер арасында кеңестік зейнетақы жүйесінен қазіргі зейнетақы жүйесіне көшуді алғашқылардың бірі болып қолға алды. Үлгі ретінде Чили елінің зейнетақы жүйесі таңдалып алынды. 

Зейнетақы реформасының әзірлеушілер Григорий Марченко мен Даулет Сембаев болды. Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып жаңа жүйеге көшіп, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр жұмысшы өз табысының 10% арнайы жинақтаушы қорға аударып отыруы тиіс еді.

Қазіргі таңда зейнетақы саласына қатысты өзгеріс — әлем халқының өмір сүру жасы ұлғаюы мен жұмыс күшінің азаюы салдарынан дамыған елдер өз зейнетақы жүйелеріне өзгерістер енгізіп, реформа жасауды жоспарлауда. Олардың көпшілігінде зейнетке шығу жасын ұлғайту байқалып жатыр.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.