Международный опыт

Әлемнің ең ірі зейнетақы қорлары

Әлемнің әртүрлі елдерінің 300 ең ірі зейнетақы қорындағы активтер көлемі 2017 жылы 15,73 трлн АҚШ долларын құрады.

1641

Бұл туралы Pension & Investment порталы мен Willis Towers Watson консалтингтік компаниясы зерттеу жүргізген. 300 ең ірі зейнетақы қорының 134-і АҚШ-қа тиеселі. Ұлыбританиядан 26 қор, Канаданың 18 қоры, Жапония мен Аустралияның 16 қоры тізімге енген.

Зерттеу нәтижесі бойынша 300 қордың активтері бір жылда 6,1% өсім көрсеткен. Ал алғашқы 20 қордың жалпы активтері 6,35 трлн USD құрап, әлемдік зейнетақы нарығының 2/5 бөлігін иемденіп отыр. Аймақ бойынша бөліп қарастырғанда жалпы зейнетақы қорларындағы қаржының 44,1% Солтүстік Америка, соның ішінде 38,6% АҚШ зейнетақы қорларына сәйкес келсе, Азия-Тынық мұхит аймағы мен «Кәрі құрлық» қорларында 26,1%-дан дұрыс келеді. Аталған үш аймақ компаниялары жалпы зерттеуге қатысқан зейнетақы қорларының 96,3% иемденіп отыр.

Зерттеудегі 300 зейнетақы қоры қарамағындағы қаржының 40% мемлекеттік қорларға тиесілі, жалпы соммасы 6,3 трлн USD, ал тәуелсіз зейнетақы қорларының жалпы қаржы көлемі 4,47 трлн USD, корпоративтік зейнетақы қорларының қаржысы 2,86 трлн USD, қалған 2,12 трлн USD жеке меншік зейнетақы қорларға тиесілі.

Әлемдегі ең ірі 20 зейнетақы қорының активтері келесі салаларға инвестиция ретінде құйылған: 41,7% — қор биржаларындағы акцияларға, 21,1% — альтернативті активтер мен қолма-қор қаржыларға салынса, 37,2% — облигациялар нарығының активтеріне жұмсалған. Осы 20 компанияның жылдық қорытындыларында алдағы мүмкін болатын қауіптер тізіміне — «қор нарығындағы сенімсіздік»; саяси факторлар — «Брексит», «АҚШ-тағы саяси ахуал»; демографиялық факторлар — «жұмыс күшінің азаюы», «өмір сүру жасының ұлғаюы» секілді себептер көрсетілген.

Ең ірі 20 зейнетақы қорының 7-сі АҚШ-тық қор болғанымен, алғашқы 5 ірі зейнетақы қордың қатарына АҚШ-тың 1 ғана қоры ілінген:

  • Әлемнің ең ірі зейнетақы қоры атағын Жапониялық GPI (Government Pension Investment) ұстап тұр. Қордың жалпы көлемі 1,24 трлн USD құрайды. Қор толығымен мемлекетке тиесілі. Қызығы — Жапония әлде де болсын дамыған елдер арасында зейнетақы салығы төмен елдер қатарына жатады. Мұнда жұмысшы өз табысының 8,4% және жұмыс беруші 8,4% салық төлеу арқылы жұмысшының алатын зейнетақы көлемі жинақталады.
  • 1990 жылы құрылған «Норвегия мемлекеттік зейнетақы қоры» әлемнің екінші ірі зейнетақы қоры болып саналады. Қорды елдің Орталық Банкі басқарады. Жалпы қордағы активтер көлемі 890 млрд USD-ға жуық. Қор әлем бойынша 77 елдің 9 мыңға жуық компаниясының акциялары мен облигацияларына, жылжымайтын мүлік және т.б. салаларға инвестиция ретінде қаржы құйған.
  • Әлемнің ең ірі мемлекеттік емес зейнетақы қоры және әлемдегі 3-ші ірі қор атағына Нидерландының «Stichting Pensioenfonds ABP» компаниясы ие. Қордың көлемі 430 млрд USD.
  • Оңтүстік Кореялық «National Pension Service» мемлекеттік зейнетақы қоры өзінің 407 млрд USD қаржысымен 4-ші орынға табан тіреген. Жалпы ел бойынша 20 млн-ға жуық адам ай сайынғы салымдар жасап отыратын көрінеді.
  • АҚШ-тың барлық зейнетақы қорларының жалпы соммасының көлемі 12 трлн USD құрағанымен, олардың ең ірісі «California Public Employees’ Retirement System» қорында 283 млрд USD ғана қаржы бар.


Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.