Международный опыт

Әлемдік зейнетақы жүйесін дағдарыс күтіп тұр ма?

Әлемдік зейнетақы жүйесінің болашақта дағдарысқа ұшырайтыны жыл өткен сайын айқындалып келе жатқан сияқты.

1157

«Өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы нәтижесінде бұл жүйенің болашағы бұлыңғыр» дейді сарапшылар.

Көптеген мемлекеттерде қоғам «қартайып» барады, сондықтан кейбір елдерде аз ғана адамдар тобы, саны басым зейнеткерлерді асырауға мәжбүр. Бұл мәселені түсініп, дәл қазір әрекет ету мен өзін-өзі қамтамасыз ету болашақтағы зейнеткерлер үшін жалғыз шешім болуы мүмкін.

Әлемдегі ең ірі сегіз ел экономикасында зейнетақы жүйесінің ауқымды дефициті байқалады. Cloudinary-дің мәліметі бойынша 2015 жылы дефицит 70 триллион долларды құраған, алайда 2050 жылы бұл көрсеткіш 400 триллионға дейін өсуі мүмкін. Бұл қазіргі әлемдік экономиканың көлемінен бес есе жоғары.

Қазіргі жүйенің тоқырауы

Бірқатар уақыт бұрын Әлемдік экономикалық форум бұл мәселеге баса назар аударған еді. Олардың пайымынша алдағы уақытта өмір сүру ұзақтығы 8-11 жылға, Жапонияда 16 жылға ұзарады. Бұл зейнетақы қорлары төлемді жоспарланған уақытқа қарағанда екі-үш есе көбірек жасайды деген сөз. Егер қазіргі қартаю көрсеткіші өзгермесе 2050 жылы ол ары қарай созылады деген сөз.

Яғни, бұл адамдардың жұмыс істеуге жұмсаған уақытында жинаған қаражаты зейнетке шыққанда ары кетсе 5 жылға жетеді. Егер зейнетақы жүйесі мемлекеттік болса, онда тек зейнетақы төлемдері ғана кәдімгідей дефицитке жеткізуі мүмкін. Егер мемлекетте қаражат таусылса ше? Нағыз дағдарыс сонда болмақ.

Қартайған қоғам

БӘФ мәліметтеріне сәйкес қазіргі кезде әлемде жасы 65-тен асатын 1,5 миллиард адам бар. Ал 2050 жылы 2,1 миллиард болады. Қазір орташа есеппен 8 жұмыс істеуші адам бір зейнеткерді «асырайды», 2050 жылы бұл көрсеткіш 4 жұмыс істеушіге азаяды.

Көптеген мемлекеттік зейнетақы жүйесінде зейнеткерлерге төлем көзі олардың салымдары емес, қазіргі кезде жұмыс істеушілердің жарнасы. Мұның салдарынан бір мәселе туындайды. Зейнеткерді «асыраушы» жұмыс істеушілердің көрсеткіші азайса, зейнетақы жүйесінде айтарлықтай дефицит тудырады. Егер жұмыс істеушілер саны жеткілікті болмаса бюджет дефицитін тудырады. Зейнетақы жеткіліксіз болады.

Өзін-өзі қамтуға көшу керек

Бұл қазіргі зейнетақы жүйесін өзгертіп, адамдарды өзін-өзі қамтуға итермелеуі мүмкін. Зейнетке шығуды жоспарлау мен қаражат жинау әрі оны басқару, көбейту мысалы: ұзақмерізімді, сенімді портфелдерге инвестициялау ғана көмектесуі мүмкін. Сондықтан дәл қазірден инвестициялауды үйрене бастайтын кезең.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.