Международный опыт

Әлемде зейнетақы төлемейтін мемлекеттер де бар

Бұл тізімде ең бірінші орында –Танзания мемлекеті.

1924

Біздің елде еңбек етіп, тұтынуға қажетті ақша-қаражаттардан бөлек, зейнетке шыққанда пайдаланатын ақша жинақтау міндетті. Қарттық келгенде зейнетақыны жұмыс өтіліңізге байланысты мемлекет бекітеді. Қазақстан Республикасында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, базалық зейнетақы төлемі 15 724 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы 33 745 теңгені құрады. Көбіне, біз өзіміздің зейнетақы жүйесін дамыған мемлекеттермен салыстырамыз. Сондай-ақ, кейде наразылық білдіреміз. Алайда зейнетақы мөлшерлемесі төмен немесе зейнетақы мүлдем төленбейтін мемлекеттердің бар екенін білесіз бе?

Әлемде зейнетақы төленбейтін мемлекеттер санаулы. Бұл тізімде ең бірінші орында —Танзания мемлекеті. Танзанияның зейнет жасындағы адамдарының 95% өз-өздерін асырау үшін соңғы демі қалғанша жұмыс жасауға мәжбүр.

Иракта да зейнет жасындағылар мемлекеттің көмегіне арқа сүйей алмайды, себебі мемлекет қарттарға зейнетақы төлемейді, оның үстіне өмір сүру ұзақтығы бойынша ең төменгі мемлекет. 200 мемлекеттің ішінде 136 орында. Мұнда адамдардың басым бөлігі 70 жасқа жетпестен өмірден өтеді.

«Аспан асты елі» деп аталатын Қытайда егер сіз мемлекеттік қызметкер болсаңыз ғана мемлекет зейнетақы төлейді. Аспан асты елінде «балаларының моральдық және азаматтық парызы — өз қарт ата-анасын асырау тиіс» деп есептеледі. Егер ата-анасын асыраудан бас тартатын болса, қоғам алдында қысымға ұшырауы ғажап емес.

Ал Таиландтағы әрбір бесінші адам зейнетақының мүлде төленбейтініне, тіпті жоқ екеніне сенеді. Өйткені зейнетақы туралы біздегідей түсінік жоқ. Бірақ бұл елде зейнетақы қоры бар. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңында мемлекет түбегейлі зейнетақы қорында модернизациялау жүрді және ол 3 деңгейден тұрды. 

Алғашқы деңгейі— мемлекеттік қызметкерлерге бұрыңғы зейнетақы қорлары бойынша мемлекет зейнетақымен қамтамасыз етеді, қалған зейнеткерлер әлеуметтік сақтандыру бойынша зейнетақымен қамтамасыз етеді. Екінші деңгей — мемлекеттік зейнетақы қоры және жинақтаушы қорлар. Үшінші деңгей — жеке қордан немем ерікті негізде төленеді. Егер жұмыс өтілі 15 жылдан аз болса Таиландта біздің теңгемізбен — 7 280 теңге көлеміндегі ең төменгі зейнетақы беріледі.

Индия азаматтарының да басым бөлігі зейнетақы алмайды. Тек зейнеткерлердің 12%-ы зейнетақымен қамтамасыз етілген. Әрі Қытайдағыдай зейнетақы тек мемлекеттік қызметкерлерге қарастырылған. Өйткені бұл екі елде де адам саны миллиардтан асады. Олардың бәріне зейнетақы төлесе бюджеттің шақ келмейтінін ескеру керек. 

Индияда зейнетақы алмайтын азаматтар қаржылық қамтамасыз етуді өз отбасыларынан, әлеуметтік бағытталған бағдарламалардан және жеке, діни қорлардан алады немесе зейнетақысын өз беттерінше жинайды. Бұл мемлекетте кәрілер саны жылдан жылға өсуде, бүгінде 100 миллион адамнан асады.

Мемлекет

Зейнетақы көлемі (доллар/ұлттық валюта)

Теңгемен

Индия

3,07 (200 рупий)

932

Қытай

15,00

4 514

Таиланд

22,32 (700 бат) — еңбек өтілі до 15 жылға дейін 

478,21 (15000 бат) — еңбек өтілі до 15 жылдан аса

 6 765

144 995

Пакистан

100-150

45 061

Венгрия

120,5

36 199

Чехия

151,73

45 580

Чили

153,85

46 216

Мексика

161,79

48 601

Ресей

248,32

74 598

Польша

256,7

77 115

Бразилия

261,47

78 546

Португалия

263,41

79 129

Оңт Африка Республикасы

454,13

136 422

Израиль

472,3

141 881

Ұлыбритания

620

186 250

Жапония

635,16 (67 000 йен)

192 219

Грекия

641,5

192 708

АҚШ

721

216 591

Финляндия

835,74

251 061

Дания

1047,11

314 555

Швеция

1084,51

325 791

Австрия

1125,79

338 193

Франция

1147

344 563

Швейцария

1150

345 454

Германия

1170

351 473

Ирландия

1213,3

364 481

Бельгия

1332,92

400 415

Новая Зеландия

1431,9

430 148

Нидерланды

1448,31

435 077

Норвегия

1947,6

585 067

Люксембург

2264,64

680 308

Әлемдегі зейнетақы көлемі (2018 жыл 1 наурыз)

Байқағаныңыздай әлемелдерінде зейнетақы туралы біркелкі түсінік жоқ. Бір мемлекеттерде зейнеткерлер жақсы өмір сүрсе, екінші елдегілері өлместің күнін кешеді. Енді бір елде тіпті зейнеткер деген ұғым жоқ. Көпшілік азаматтардың қартайып қайраты қайтқанда, еңбегінің зейнетін қалайтіні сөзсіз. Алайда оған әлемнің көптеген мемлекеттерінде адамдардың бәрінің қолы жете бермейді.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.