Инвестиции

Сәуірде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің нақты кірісі жылдық 2,3% құрады

​Бұл туралы қор басшылары бүгінгі баспасөз мәслихаты барысында айтты.

860

«Қордың зейнетақы активтерінің кірісі 2017 жылдың сәуірі мен 2018 жылдың сәуірі аралығында 6,5% инфляциямен 8,8% құрады», -деді БЖЗҚ басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Оның айтуынша 2018 жылдың 4 айындағы таза инвестициялық кіріс 169,3 млрд теңге балды.

Оның айтуынша 1 мамырдағы жағдай бойынша 2017 жылдың сәуірінен 2018 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта зейнетақы салымдарының жалпы сомасы 1,21 трлн теңгеден 8,13 трлн теңгеге жетті.

«2018 жылдың 4 айындағы зейнетақы салымдарының жалпы сомасы өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 11% ұлғайып, 266 млрд теңге болды. Өткен жылы түсім көлемі 240 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар зейнетақы төлемдерінің көлемі 1 мамырдағы жағдай бойынша 83,03 млрд теңге болған, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 5,7 млрд теңге болды», — деді Егеубаева.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.