БЖЗҚ-ның бүгінгі қалыптасқан жағдайымен танысатын болсақ, БЖЗҚ-ның салымшыларының шотының саны — 10 132 759. Салымшыларының ішінде: — Міндетті зейнетақы жарнасы(МЗЖ) — 9 642 036 шот, міндетті зейнетақы жарнасы — қызметкердің айлық жалақысының 10%-ның аударының нәтижесіндегі шоттар, бұл мемлекет тарапынан міндеттелген.
1-сурет. Міндетті зейнетақы жарнасының өсімі ( 2017 жыл, сәуір — 2018 жыл, мамыр айлары)
млрд т. |
Салыстырмалы ауытқу |
||
Ай |
МЗЖ |
Базалық |
Тізбекті |
01.04.2017 |
6727,2 |
— |
— |
01.05.2017 |
6810,3 |
1,24% |
1,24% |
01.06.2017 |
6876,8 |
2,22% |
0,98% |
01.07.2017 |
7013,1 |
4,25% |
1,98% |
01.08.2017 |
7147,0 |
6,24% |
1,91% |
01.09.2017 |
7295,8 |
8,45% |
2,08% |
01.10.2017 |
7403,9 |
10,06% |
1,48% |
01.11.2017 |
7444,7 |
10,67% |
0,55% |
01.12.2017 |
7525,0 |
11,86% |
1,08% |
01.01.2018 |
7636,6 |
13,52% |
1,48% |
01.02.2018 |
7659,0 |
13,85% |
0,29% |
01.03.2018 |
7730,6 |
14,91% |
0,93% |
01.04.2018 |
7819,1 |
16,23% |
1,14% |
01.05.2018 |
7973,8 |
18,53% |
1,98% |
Орташа мәні |
9,43% |
1,22% |
1-кесте. Міндетті зейнетақы жарнасының кірістеріне статистикалық талдау.
Міндетті зейнетақы жарнасының кірістері 01.04.2017 жыл мен 01.05.2018 жылдың арасындағы өсім 18,53%-ды құрап отыр, бұл 1 жылдың ішіндегі МЗЖ өсімнің салымшарының салымы 18,53%-ға өскенін көрсетеді.
Сондай-ақ, 2017 жылдың сәуір мен 2018 жылдың мамыр айларының арасындағы өсу қарқыны базалық мерзіммен салыстырғанда орташа 9,43%-ды құрап отыр.
Міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы (МКЗЖ) — 452 494 шот, МКЗЖ — қызметкердің жеке пайдасы үшін зиянды еңбек жағдайдағы төленетін ақша-қаражаттары.
2-сурет. Міндетті кәсіби зейнетақы жарнасының өсімі (2017 жыл, сәуір — 2018 жыл, мамыр айлары)
млрд т. |
Салыстырмалы ауытқу |
||
Ай |
МКЗЖ |
Базалық |
Тізбекті |
01.04.2017 |
109,9 |
— |
— |
01.05.2017 |
113,3 |
3,10% |
3,10% |
01.06.2017 |
116,3 |
5,85% |
2,67% |
01.07.2017 |
120,5 |
9,67% |
3,60% |
01.08.2017 |
124,6 |
13,37% |
3,38% |
01.09.2017 |
129,0 |
17,39% |
3,54% |
01.10.2017 |
132,8 |
20,89% |
2,99% |
01.11.2017 |
135,4 |
23,20% |
1,91% |
01.12.2017 |
138,6 |
26,16% |
2,40% |
01.01.2018 |
142,4 |
29,56% |
2,70% |
01.02.2018 |
146,3 |
33,14% |
2,76% |
01.03.2018 |
149,8 |
36,30% |
2,38% |
01.04.2018 |
153,3 |
39,48% |
2,33% |
01.05.2018 |
158,4 |
44,10% |
3,31% |
Орташа мәні |
21,59% |
2,65% |
2-кесте. Міндетті кәсіби зейнетақы жарнасының кірістеріне статистикалық талдау. (Өзгерістер)
Міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы кірістері 2017-2018 жылдары өсу тенденциясын байқаймыз. Міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын төлеуші азаматтардың салымдарының көбеюі нәтижесінде, 2017 жылдың сәуір айынан 2018 жылдың мамыр айларындағы базалық есептік көрсеткіш 44,10%-ды құрады. Ал ай сайынғы өсу тенденциясы бастапқы аймен салыстырғанда, орташа 21,59%-ды құрады. Әрине мұны, салымшылардың көбеюімен кірістіліктің көбейгенін байқауға болады.
Ерікті зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) — 38 229 шот, салымшылардың өз жеке пайдасының инициативасының немесе басқа азаматтың пайдасы үшін зейнетақымен қамтамасыз ету келімшартына сәйкес орындалады.
3-сурет. Ерікті зейнетақы жарнасының өсімі (2017 жыл, сәуір — 2018 жыл, мамыр айлары)
млрд т. |
Салыстырмалы ауытқу |
||
Ай |
ЕЗЖ |
Базалық |
Тізбекті |
01.04.2017 |
1,699719 |
0% |
0% |
01.05.2017 |
1,705495 |
0,34% |
0,34% |
01.06.2017 |
1,687861 |
-0,70% |
-1,03% |
01.07.2017 |
1,715508 |
0,93% |
1,64% |
01.08.2017 |
1,716181 |
0,97% |
0,04% |
01.09.2017 |
1,73848 |
2,28% |
1,30% |
01.10.2017 |
1,732255 |
1,91% |
-0,36% |
01.11.2017 |
1,744533 |
2,64% |
0,71% |
01.12.2017 |
1,722745 |
1,35% |
-1,25% |
01.01.2018 |
1,722435 |
1,34% |
-0,02% |
01.02.2018 |
1,721737 |
1,30% |
-0,04% |
01.03.2018 |
1,722988 |
1,37% |
0,07% |
01.04.2018 |
1,724566 |
1,46% |
0,09% |
01.05.2018 |
1,744745 |
2,65% |
1,17% |
Орташа мәні |
1,27% |
0,19% |
3-кесте. Ерікті зейнетақы жарнасының кірістеріне статистикалық талдау. (Өзгерістер)
Ерікті зейнетақы жарнасының кірістілігі бір қалыпты, 2017 жылдың сәуір айы мен 2018 жылдың мамыр айларының арасындағы өзгеріс орташа 1,27% -ды құрады. Ал тізбекті көрсеткіштің нәтижесіне қарасақ, ай сайынғы өсім 0,19%-ды құраған.
Бұл талдауда зейнетақы қорына салынған салымдардың өсу қарқыны көрсетілген.
Міндетті зейнетақы жарнасы салымшылардың шоттары бойынша, ақша-қаражаттары бойынша ең үлкен бөлікті құрайды. Мұны, әрбір жұмысшы жұмыспен қамтылуының нәтижесінде ұлғайған сомма деп айтсақ болады.
Міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы, зиянды еңбек жағдайындағы қызметкерлердің салымдары, әрине салымшылардың көп болғаны, өсу тенденциясы жоғары болу қуантарлық болуы мүмкін, бірақ Қазақстан Республикасының ең қымбат байлығы — мемлекет азаматы болғандықтан, зиянды еңбек жағдайындағы жұмысшылардың алдағы уақыттағы денсаулығына үлкен зардабын тигізуі мүмкін және Бернард Шоу айтпақшы: «Мен адамдарды түсінбеймін. Адамдар ақша табу үшін денсаулығын құртады, кейін денсаулығын дұрыстау үшін сол ақшасын қайта жаратады!» деген сөзі еске түсіп, болашақта адами капитал ретінде зардабын тигізу мүмкіндігі туындап отыр.
Ерікті зейнетақы жарнасы бір қалыпы орында, аса үлкен өзгерістерді байқамаймыз, осы жылдың ақпан айынан бастап өсу қарқынын аздап болғанын көреміз. ЕЗЖ арқылы, ҚР азаматтарының зейнетақы қорына әлі күнге дейін нейтралды позияцияда екенін көреміз!