Инвестиции

БЖЗҚ салынатын жаңа инвестиция туралы айтты

БЗЖҚ қаражаты қазақстандық банктерге инвестиция түрінде салынады.

1124

Бұл ақпараттың пайда болғанына көп болған жоқ.

Сондықтан БЖЗҚ басшылығы қандай банктерге салынатыны туралы әлі білмейді. Айта кетейік мамырдаң басында Ұлттық банк төрағасы Данияр Акишев БЖЗҚ жинақтары банктер мен қазақстандық корпоративтік эмитенттерге инветсиция ретінде бағытталатыны туралы айтқан еді.

"Бұл жерде әңгіме инвестицияның нарықтық жағдайда бағытталатыны туралы болып тұр. Бұл тек сенімді банктер болады, яғни мұндай инвестиция үшін нақты талаптар болады. Жалпы көлем 200 млрд теңге шамасында болады. Бұл жағдайда шартты Ұлттық банк қояды, БЖЗҚ облигацияларды сатып алуға қатыспайды. Бұл бір реттік эмиссиялық шығарылым болмайды, біртіндеп жүзеге асады. Бұл бағдарламаға қатысатын банктерге қатаң талап қойылады. Бастысы — инвестициялау басқа да зейнетақы активтерінің инвестициялау сияқты нарықтық жағдайда жүзеге асады",- деді бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында БЖЗҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Жоғарыда айтылғандай әзірше банктердің тізімі жоқ. БЖЗҚ салынған қаражаттың проблемалы болады деп ойламайды. Өйткені зейнетақы активтерінің сенімді басқарылуын Ұлттық банк жүзеге асырады.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.