Инвестиции

БЖЗҚ-ның проблемалық активтері 41 млрд теңгені құрады

Барлық эмитенттерден қарызды қайтару бойынша қажетті шаралар жүргізілуде, дейді БЖЗҚ.

1024

2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының проблемалық активтерінің көлемі 41 млрд теңгені құрады.

Бұл жалпы зейнетақы активтерінің −0,5%-на жетпейтін көлемде. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында БЖЗҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева айтты.

Қазіргі кезде бұл эмитенттерден қарызды сот арқылы немесе атқарушылы өндіріс бойынша қайтару жұмыстары жүргізілуде екен.

«Қазіргі кезде проблемалық қарыздың көлемі 41 млрд теңгеге төмендеді. Әртүрлі кезеңде ол 37 млрд теңгеден 41 млрд теңгеге дейін болды. Бұл сома «АБДИ компани» АҚ дефолтқа жол беруіне байланысты болды. Қарызды қайтару бойынша қажетті шаралар жасалуда. Зейнетақы активтерінің шетелдік эмитеттерінің үлесіне келсек — ол шамамен 21% құрайды. Яғни, біздің активтердің жалпы көлемі 8,13 млрд теңгені құраса, құралдардың 21%-ын шетелдік эмитенттер шығарған. Оның ішінде құралдардың 30% шетелдік валютада, 9% жуығы — шетелдік валютадағы қазақстандық құралдар«,- деді Егеубаева.

Оның айтуынша проблемалық активтердің басым бөлігі 2014 жылы БЖЗҚ біріккенге дейін пайда болған. Ол кезде проблемалық қарыз көлемі 160 млрд теңгеден асқан.

«БЖЗҚ бұл қарызды реттеу бойынша жұмыс жүргізді. 3 млрд теңге қолма-қол қаржы түрінде қайтарылды. Активтердің 120 млрд теңгеге жуығы қайта құрылымдалды. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жұмыстары жүргізілді, бұл эмитенттерге инфрақұрылымдық кесте мен басқа да ішкі жобаларына көмектесті», -деді БЖЗҚ өкілі.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.