Кірістің негізгі көзі - құнды қағаздардың сыйақысы, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» бойынша операциялар -130, 9 млрд теңге (бір жыл бұрын – 128,7 млрд)және құнды қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кіріс – 27,8 млрд (бір жыл бұрын – 16,7 млрд) теңге.
I тоқсанның қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ның иневстициялық кірісі 30% ұлғайған. Негізгі табыс көзі — құнды қағаздардың сыйақысы болған, деп хабарлайды Finprom.kz.
«Инвестициялық қызмет нәтижесінде және шетел валютасының құбылмалы болуы, қаржы құралдарының нарықтық бағасының өзгеруі нәтижесінде 1 тоқсандағы инвестицялық кіріс 75,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,3% жоғары. Былтыр көрсеткіш 58,2 миллиард теңге болған еді», делінген хабарламада.
Кірістің негізгі көзі — құнды қағаздардың сыйақысы, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» бойынша операциялар −130, 9 млрд теңге (бір жыл бұрын — 128,7 млрд)және құнды қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кіріс — 27,8 млрд (бір жыл бұрын — 16,7 млрд) теңге.
I тоқсанда инвестициялық портфельдің соммалық құны 16,6 пайызға немесе 6,8-ден 8 трлн теңгеге дейін өскен.
Ақшалай эквивалентте мемлекеттік құнды қағаздар аздаған өсім көрсетті — 763,1 млрд теңге және шетелдік құнды қағаздар — 500,5 млрд теңге.
Сарапшылардың айтуынша БЖЗҚ инвестициялық декларациясының шарты бойынша зейнетақы активтерін диверсификациялау мен хеджерлеу қатаң сақталуы керек. Сондықтан, портфельдегі негізгі үлесті ҚР Құнды қағаздары алады — 44,89 пайыз немесе 3,6 трлн теңге. Ары ҚР ұйымдарының құнды қағаздары −28,17 пайыз немесе 2,3 трлн теңге. Үшінші орында шетелдік құнды қағаздар −13,96 пайыз немесе 1,1 трлн теңге.