Айта кетейік, бұл банктің топ-менеджері ұсталып, Ұлттық банк депозит пен жеке тұлғаларға шот ашуға рұқсат беретін лицензиясын уақытша тоқтатқан еді. БЖЗҚ бұдан басқа қазақстандық қай банктің акционері?
1 сәуірдегі жағдай бойынша Ұлттық банктің сенімгерлі басқаруындағы БЖЗҚ-ның инвестициялық портфелінің көлемі 7 975,5 млрд теңгені құрады. Оның 102,39 млрд теңгесі немесе 1,28% қазақстандық банктердің акцияларына немесе депозитарлық қолхаттарына, 1 229,20 млрд немесе салымдардың 15,41% банктердің облигацияларына салынған.
Осылайша екінші деңгейлі 15 банктің акциялары мен облигацияларының жалпы үлесінің 16,7% немесе 1,33 трлн теңге зейнетақы активі. Зейнетақы салымдарының банктерге инвестиция ретінде белсенді түрде салынуы 2014-2015 жылдары жүзеге асқан.
Қазіргі кезде БЖЗҚ Қазкоммерцбанк акцияларының 170 млн, Халық банктің 90,74 млрд теңге, АТФ банктің 100 млн теңге, ForteBank 1,21 млрд теңге, БЦК 1,54 млрд теңге, Цеснабанк 7,20 млрд теңге, Эксимбанк 720 млн теңге және Нұрбанк 710 млн теңге акциясына ие.
2016 жылдың басынан 2018 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта банктердегі БЖЗҚ зейнетақы активтерінен құралған облигациялар мен акциялар көлемі 27,7-дан 16,7%-ға дейін азайған.