Факты

БЖЗҚ басқарған басшылар

​Сіз «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы» жинақ қорын бақылап, толық көлемде зейнетақы жарнасын уақытылы аударып отыруды талап ететініңіз сөзсіз.

1654

Алайда, «Ақылды басшы алдырмас» демекші, өз ақшаңызды кімге сеніп тапсырып жатқаныңызды білу үшін, ең алдымен, БЖЗҚ-ның басшысын анықтап алғаныңыз абзал. Олай болса, «Enpi.kz» «БЖЗҚ» басқарған басшыларға тоқталып өтуді жөн көрді.

Долорес Тайырқызы Медеушеева 2009 жылғы 15 мамырда өткен «БЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ Директорлар кеңесінің отырысы шешімімен Қордың Басқарма Төрайымы болып Медеуева Долорес Таировна тағайындалды. Ол Алматы халық шаруашылығы институтының несие-экономикалық факультетін бітірген.

Долорес Медеушеева қаржы саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. «ГНПФ» ЖЗҚ Басқармасының Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін, 1988-2009 жылдарда КСРО Агропромбанкі Алматы облыстық басқармасында, КСРО Мемлекеттік банкі Алматы облыстық басқармасында, «Қазкоммерцбанк» АҚ-да, 1993 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік және сақтандыруды бақылау бөлімдерінде жұмыс істеді. «Қазкоммерцбанк» сақтандыру компаниясы" ААҚ-да, 2003-2009 жылдар аралығында «Казкоммерц Полис» сақтандыру компаниясы ААҚ мен «Казахинстрах» еншілес сақтандыру компаниясы" АҚ-да жауапты қызметтер атқарды.

Айта кетсек, алғаш БЖЗҚ басшысын таңдау кезінде Ұлттық банк төрағасы болған Григорий Марченконың өзі Долорес Медеушееваны қолдап, 2013 жылы 19 наурызда өткен онлай-конференцияда пікір білдірген болатын: Бізде БЖЗҚ басқаратын үміткер дайын. Ол қаржы саласында бірнеше жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан Долорес Тайырқызы болып табылады. Біріншіден, үміткерлікке ешкім ұсынылған жоқ, екіншіден, таңдап отырған дайын үміткерімізден де бас тартпаймыз. Мен Долоресті 1994 жылдан бері банктік қадағалау бөлімінде қызмет еткен сәттен бері білемін. Сондықтан біз оған сенім артамыз,-деп жеткізген болатын.

Міне, алғашқы сайлау сәтінен сенім мен үмітке ие болған Долорес Тайырқызы тәжірибесімен аз уақытта берілген жұмысын тиімді жүргізе білді.

Мәселен, жинақтаушы қорларды біріктіргеннен кейін халыққа жедел ақпарат тарату жөніндегі кең көлемде филиалдық жүйені құрып, сол уақыттағы халық арасындағы қобалжу мен ахуалды аз уақытта өзгерте білді. Сонымен қатар өңірлік жүйелерді шұғыл дамыту мен БЖЗҚ-ның колл-орталықтарындағы және ақпараттық залдарындағы қызметкерлердің шұғыл да жоғары кәсіби жұмысының нәтижесіне қол жеткізіп, қор Республиканың барлық тұрғындары үшін барынша қолжетімді болды. «БЖЗҚ»-ный кідіріссіз жұмыс істеу жүйесі, шұғыл ақпарат тарату, салымшыларға қызмет көрсетудің қолайлы түрлерін дамыта білді.

Долорес Медеушеева басқарған жылдары ГНПФ жинақтаушы зейнетақы қоры 14 қазақстандық зейнетақы қорларының ішінде көшбасшылардың үштігіне кіріп, мемлекет қатысатын жалғыз Қор болды. 2009 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қорда жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі 269,4 миллиард теңгені құрады, салымшылардың саны — 2,4 миллион, меншікті капиталы 12,7 миллиард теңгеден асты.

«БЖЗҚ» АҚ Басқармасының төрайымы лауазымында жұмыс істеген Медеушеева Долорес Тайырқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты 2015 жылы қызметінен кетті.

2015 жылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» төрағалығы қызметіне «БЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ Директорлар кеңесінің отырысы шешімімен Руслан Ерденаев тағайындалды. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның басқарма құрамына Сәуле Дүйсенова (Басқарма төрағасының бірінші орынбасары) және Ғалым Махмеджанов (Басқарма төрағасының орынбасары) сайланған болатын. Долорес Медеушееваның орнын алмастырған Р.Ерденаев осыған дейін БЖЗҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған еді.

2015 жылы жаңа қызмет орнына келген Руслан Ерденаев 1-2 айдың ішінде атқарған қызметтері мен бастамасына журналистерге есеп беріп, БЖЗҚ-ның алғашқы 2 айда 37 миллиард теңгеге жуық табыс тапқаны жөнінде жариялаған болатын. Бұл көрсеткіш уақытысында нарыққа жылына шамамен 5% кіріс алып келетінін жеткізген болатын.

Сонымен қатар БЖЗҚ-да қосымша шамамен 2 млн 438 мың жеке зейнетақы шоттары ашылып, оның ішінде міндетті зейнетақымен қамту келісімшарттары бойынша — 2 млн 436 мың 499 көрсеткішіне ие болды. Нарықтың шамамен 30 пайызын алып жатқан ең соңғы «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ" АҚ зейнетақы қоры Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қосылды. Сондай-ақ, салымшылар өз зейнетақы шотындағы жинақтарын Интернет-сайт арқылы немесе пошталық таратылымға жазылу арқылы тексеруге мүмкіндік алды.

Алайда, Р.Ерденаев пен оның орынбасары Дабыр Медетбековке ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлімі (Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу), ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-бөлімі (пара алу) бойынша қарастырылған қылмыстарды жасады деген айып тағылды.

2017 жылы жақында ғана «БЖЗҚ» басқарма басшысы лауазымына Нұрбибі Наурызбаева сайланды. Бұған дейін атқарған қызмет жолы 1984-88 жылдары КСРО Мемлекеттік банкінің несие бөлімінің бас экономисі; 1988-92 жж. агроөнеркәсіп банкінің несиелеуді ұйымдастыру бөлімі бастығының орынбасары; 1992-94 жж. «Азия Дауысы» АК қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті; 1994-96 жж. — ҚР Ұлттық банкінің банк қадағалауы департаменті директорының орынбасары; 1996-2003 жж. — ҚР Ұлттық банкінің бақылау және аудит департаменті директорының орынбасары, директоры; 2003 жылдан — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы; ҰБ ішкі аудит департаменті директоры болған.

Айта кетейік, жаңа басшы бұрын «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкін» 10 жылдай басқарып, қарамағында қызметкерлердің үйді бөлісіп алғаны үшін орнынан босатылған болатын.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.