Факты

​Қолда барға қанағат ет, зейнеткер!

Қазақстанда зейнеткерлерге жеңілдіктер ақшалай түрде ғана жасалады екен.

1739


Ал сол жеңілдік мөлшерінің өзі зейнеткерлер санатына байланысты тағайындалады. ҚР Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі ұсынған мәлімет осындай.

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 50 долларға жетпейді

Ведомство ақпаратына сенсек, ең төменгі күнкөріс деңгейінің (28 284 теңге) өзгеруіне байланысты жылдың басында мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 15 274 теңге болды немесе 47 доллар (1 ақпандағы доллардың ресми курсы — 322,9 теңге)

Осылайша, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі зейнетақы — 33 745 теңге;
  • базалық зейнетақыны есепке алғанда ең төменгі зейнетақы — 49 019 теңге;
  • орташа зейнетақы (базалық зейнетақыны есепке алғанда) — 71 333 теңгеге өзгерді.

Ал зейнеткерлерге берілетін барлық жеңілдіктер 1999 жылдан бастап ақшалай түрге ауыстырылып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар түрінде төленетін болған.

Бірақ, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері зейнеткердің қандай санатқа жататынына байланысты (Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері, оларға теңестірілгендер, тылда еңбек еткендер, мүгедектер және т.б.) төленеді.

Бейнеттің зейнетін зейнетақы жүйесіне қатыссаңыз ғана көресіз

Зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалық тек бұл емес. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгереді. 

Егер, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса немесе мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды, 10 жылдан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%-ға ұлғайтылады, 33 жыл және одан көп болған жағдайда ол ең төмен күнкөріс деңгейінің 100%-на тең болады (20 жыл еңбек өтілі болса ЕТКД-ның 74%-на, 30 жыл — ЕТКД-ның 94%-на тең).

Мұны министрлік «әлеуметтік әділдікті орнатады» деп есептейді. Өйткені адам көп жыл жұмыс істеген сайын, оның зейнетақысы да жоғары болады екен.

Бұған да қанағат!

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.