Факты

​Базалық зейнетақы деген не?

Бүгін сол туралы түсіндіргенді жөн көрдік.

6695


Бүгінде зейнетақы саласына қатысты шу көп. Содан болса керек, қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақы саласына қатысты ақпараттарды жиі іздей бастады. Бұл арқылы олар зейнетақы туралы толық ақпарат алғысы келеді. Көпшілік көкейіндегі көп сұрақтың бірі -базалық зейнетақы деген не? Бүгін сол туралы түсіндіргенді жөн көрдік.

Қазақстандағы зейнетақы үш деңгейге бөлінеді:

  • Базалық (мемлекеттік зейнетақылық төлем)
  • Міндетті (міндетті зейнетақы қорына жасалынатын аударымдар арқылы жинақталған арнайы жинақтау қорынан төленеді)
  • Ерікті

Базалық төлем — зейнетақы жасына жеткен азаматтарға мемлекет тарапынан төленетін міндетті әлеуметтік көмек. Ол еңбек өтілі мен ерікті зейнетақы қорына жасалған аударымдарға тәуелді емес.

Қазақстандағы базалық зейнетақы көлемі 15 274 теңгені құрайды. Ол ең төменгі күн көріс деңгейіне қарай есептелінеді.

Негізгі зейнетақы қорынан төлемдер алуға келесі тұлғалардың құқығы бар:

  1. Зейнет жасына жеткен азаматтар мен азаматшалар.
  2. Арнайы заңнамамен белгіленген қызмет өткеруге міндетті жылдары жұмыс жасаған тұлғалар.
  3. Зейнет жасына жеткен Қазақстандағы шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар.

Базалық зейнетақы тұлғаға арнайы зейнетақы жинақтау қорынан емес, мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Оны Қазақстанның Зейнетақы туралы заңнамасы реттейді.

Базалық зейнетақы еңбек өтілдігі минималды азаматтар мен максималды еңбек өтілділерге де бірдей соммада төленеді. Қазақстандықтарды 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік салада өзгерістер күтіп тұр.

2018 жылғы базалық зейнетақыны көтерілуі Қазақстандағы реформалар мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне тікелей байланысты. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі азаматтың еңбек өтілі мен жинақтау қорына қаржы аударған-аудармағанына да тәуелді болады. Жалпы, базалық зейнетақыны 2017 жылмен салыстырғанда 6%-ға ұлғайтпақшы.

Жоғарыда айтылғандай, 2018 жылға дейін базалық зейнетақы барлық азаматқа бірдей болды. Ал енді келесі өзгерістер енгізілмекші:

  1. Зейнетақының көлемі тек ең төменгі күнкөріс деңгейіне ғана емес, сондай-ақ еңбек өтілділігіне де тәуелді ету. Зейнетақы жарнасын 10 жыл төлегендер ең төменгі күнкөріс деңгейінің (28 850 теңге) 54% көлемінде төлем алады. Қалған әр жыл үшін 2% көлемінде қосылып отыратын болады. Сонымен, 20 жыл жұмыс жасаған жағдайда 74% көлемінде, 33 жыл және одан көп жұмыс жасаған жағдайда — бір ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі зейнетақыға қол жеткізеді.
  2. Еңбек өтілділігіне 1998 жылға дейінгі және кейінгі жұмыс жасаған уақыттар, 3 жылға дейінгі декрет, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күтім көрсету және т.б. заңнамада қарастырылған шарттар әсер етеді.
  3. Өзгерістер осыған дейін зейнетақы алып келген және зейнет жасына енді жеткен азаматтарды қамтитын болады.
  4. Зейнетақы жүйесінің реформасы әйелдер үшін әр жыл сайын зейнетке шығуын 6 айға шегеріп отырып, ерлермен теңестіруді де қарастырады.

Депутаттар реформаның оң жақтары көп екенін айтуда: әлеуметтік әділеттілікті қамтитын болады; қарттардың өмір сүру деңгейінің көтеріліуіне әкеледі; жастарды еңбек қызметіне итермелейді.

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

На 1 февраля 2018 года инвестиции ЕНПФ в тенге - 70,81 %, доля инструментов в иностранной валюте 29,1%, из которых 28,6 % в долларах США.