Мнение

Сергей Билялов: БЖЗҚ қаржысы шетелге кетіп жатыр

Мемлекет БЖЗҚ залалын қалай өтемек?

1313


26-шы қарашада бұрындары «БТА Қазақстан» және «НефтеГаз — Дем» зейнетақы жинақтаушы қорында БЖЗҚ өкілдігінің директоры қызметін атқарған Билялов Сергей Сейтказыевичтың YouTube желісіне салған «БЖЗҚ қаржысын қайда инвестициялау керектігі» туралы ұсынысы бар видеосы шықты. Бейнежазба салынған кездің өзінде-ақ мыңнан астам көрілім жинап, маңыздылығымен ерекшеленді.

Оның зейнеткерлердің алаңсыз болашағы мен елімізде қосымша жұмыс орындарын құру туралы ойлары көптің көкейінде жүрген сұрақтар болатын. Сол себепті біз қазірде зейтақы жөнінде кеңес беріп жүрген Билялов Сергей Сейтказыевичтің өзімен бейнежазбада көтерілген мәселелер бойынша сұхбаттасқан болатынбыз.

— Аталмыш бейнежазбаны түсіруге не түрткі болды?

— Бұл видеоны түсірудегі мақсатым жақын арада өзімнің зейнетақы демалысына шығу уақытым таяп қалғандығы. Мен зейнет демалысына 55 жасымда шығамын. Сондықтан бұл мәселе мен үшін ең өткір тақырыптың бірі.

— Барлық дағдарыстар Еуропада басталады дедіңіз, сіздіңше, олардың зейнетақы қорына әсері қандай?

— 2013 жылы ҚР Халық банкінің бұрынғы төрағасы Григорий Марченко «Зейнетақы қоры Халық банк құзырына тапсыратын қаржының барлығы шетелге жіберіледі» деген ашық мәлімдеме жасаған болатын. Тіпті, Қазақстанның ішіндегі БЖЗҚ қаржыландыратын компаниялардың өзі шетелдік ұйымдардікі. Мәселен, «Қазақстан» әуежайы акциясының 100%-ы нидерландық Venus Airport Investment компаниясының иелігінде. Бұл өте қауіпті жайт.

Егер «Халық банк жөніндегі» заңға зер салсақ, онда қаржы нарығын бақылаушының пайда табуды мақсат етпейтіндігін аңғарамыз. Бірақ «Зейнетақымен қамтамасыз ету» заңнамасы бойынша, БЖЗҚ-ң капиталын нақ осы Халық банк басқарады. Егер Халық банктің пайда табу мақсатын көздемейтіндігін ескерсек, онда қалайша ол инвестициялаумен айналыса алады?

Оған қоса Заң Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорын салымшыларға инвестициялық табысты инфляция деңгейіне дейін өтеуді міндеттейді. Осы жерде кідіре кетсеңіз, БЖЗҚ қаржысын Халық банкі инвестициялайды, алайда банк келтірген шығынды мемлекет қалпына келтіреді.

Сонда жауапкершілігі мүлдем жоқ болса, БЖЗҚ қаржысын Халық банктің қолына берудің не пайдасы бар?

Мемлекет зейнетақы жүйесінің залалын қалай өтемек? Әрине, барлығымыз білетіндей, мемлекет халық пен компаниялар төлейтін салықтан қаржыланып отыр. Айналып келгенде, халық өз-өзіне зейнетақы залалын қайтарады ма?

Егер қанша табыс түскендігі жасырын және келтірілген шығындар қайтарылмайтын болса, бұл өзі қандай жүйе болғаны?

— Сіз зейнетақы қорын Қырғызстан мен Өзбекстанға инвестициялау жөнінде айттыңыз. Екі елдің де экономикасы біздің елден асып бара жатқаны шамалы болса, айтқандарыңыз қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз?

-Қиын ештеңесі жоқ. Қырғызстан еліміздің Оңтүстік аймақтарын сумен қамтып отыр. Егер де олар қажетті көлемдегі суды беруден бас тартса ше? Ел экономикасын қауіп-қатерден сақтау үшін Қырғызстанның гидроэнергетикасына қаржы бөлудің маңызы зор. Ал Өзбекстанға келер болсақ, ауылшаруашылығы жөніндегі жетістіктері туралы айтқанда ешкімнің таласы жоқ шығар. Біздің сөреде жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөністердің пайда болуына септігін тигізіп отырған бірден-бір мемлекет — осы.

— Өзіңіз жариялаған видеода «зейнетақы қорының салымшылары қаржысын қайда инвестициялауы керектігін өздері таңдауы керек» дедіңіз. Алайда, соңғы кездері БАҚ беттерінде халықтың соңғы тиынын сенімсіз қаржы пирамидаларына салып жатқандығы жайлы ақпараттар көп. Осы орайда қазақстандықтар инвестициялау мәселесінде және алаяқтардан қорғану жөнінде қаншалықты сауатты деп ойлайсыз?

— Әрбір адам өзінің жеке талғамы мен ақшалай мүмкіндігі арқасында дүкеннен зат сатып алуға келгенде сауатты. Балалар да бірден жүріп кетпейтіндігі сықылды уақыт өте келе адамдар да барлығын үйренеді. Бірінші құлайды, сосын жүгіріп кетеді.

— Мемлекет инфляция кезінде жоғалған қаржыны қайтарып беруі тиіс дедіңіз. Кеткен шығынды қайтарудың қандай механизмін ұсынар едіңіз?

— Мен инфляция деңгейін анықтайтын кесте құрастырдым. Қазіргі кезде менің қорыдағы инфляцияны есептегенде 390 000 теңге жоғалтқан екенмін. Бұл шығынды мемлекет қайтарады, тағы да айтам, мемлекет ақшаны салықтан алады. Оң қалтама түскен ақшаны сол қалтамнан шығарып алады. Оның не мағына бар? Мүмкін мемлекет қаржыны қай салаға жұмсау керектігін түсінетін күн туар. Мұнай-газ өндірісін неліктен сатып алмасқа? Зейнетақы қорында 22 миллиард қаржы бар емес пе?!

— Зейнетақы қорына жиналған қаражатты салымшылар үй алуға төлем ретінде жұмсауына болады ма? Мәселен, бұл әдіс Сингапурде қолданылады екен.

— Егер адамдарға зейнетақыны шығарып алуға мүмкіндік берсе, қорда ақша қалмас еді. Оларға инвестиция жасағысы келетін компанияларды таңдау мүмкіндігін беріп, оны қадағалап отыруға жол ашу керек. Сонда ғана бұл үрдіс халық шаруашылығы бола алады.

— Зейнетақы қорына жиналған қаражатын сақтағысы келгендерге қандай кеңес берер едіңіз?

— Заң тұрғысында сауатты болу керек. Маған зейнетақысы қанша болатынынан бейхабар әскери қызметкерлер хабарласады. Олар тіпті 45 жаста зейнет демалысына шыққанда құр алақан қаламыз деп ойлайды. Сауатсыздық — жемқорлықтың негізі, сондықтан қаржылық сауаттылықты жетілдірген абзал. Бұл — баршаға қатысты талап.

Сұхбатыңызға рақмет!

Поделиться
Подписывайтесь на наш канал в Телеграме — enpi.kz

Комментарии

Читайте также

Кстати, как дела у ЕНПФ?

71% накоплений ЕНПФ инвестированы в тенговые финансовые инструменты, 23% – в долларовые, остальное – в других валютах.